«Moldir Merke» бөбекжай-бақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі туралы ақпараттық анықтама
| 1 | Мектепке дейінгі ұйымның атауы | Жамбыл облысы, Меркі ауданы «Moldir Merke» бөбекжай-бақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
| 2 | Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен-жайы және нақты орналасқан жерінің мекен-жайы) | Меркі ауданы, Жамбыл а.о , Жеміс-жидек ауылы , Мырзабай Құттыбекұлы көшесі №12 |
| 3 | Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, webсайт) | Ұялы телефон 8 707 437 00 21 электронды поштасы baitemirova64@mail.ru https://moldir-merke-bb.edu.kz/ |
| 4 | Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі) | Байтемирова Роза Дильдабековна 2020 жыл 01 қазан № 74 бұйрығымен балабақша меңгерушісі лауазымына тағайындалды. |
| 5 | Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/куәліктің көшірмесі қоса беріледі) | Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өткен. БСН 180540017384 алғашқы мемлекеттік тіркеу күні 30.10.2018жыл. |
| 6 | Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон) | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы 2018 жылғы 30 қазанда №KZ42RVK00018064 хабарлама берілген. |
| 7 | Құрылған жылы | 1975 жыл |
| 8 | Типтік ғимарат | Екі қабатты сәйкестендірілген |
| 9 | Топтар саны | 7 топ |
| 10 | Балаларды оқыту тілі | Қазақ тілі, орыс тілі |
| 11 | Жұмыс аптасының ұзақтығы | 5 күндік |
| 12 | Ауысым саны | Тәрбиешілер: І ауысым; |
| 13 | МДҰ – ның жобалық әлеуеті | Балабақша орны 150 балаға арналған . № Н.05.Х.KZ16VBS00120514 санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. Құжаттар көшірмесі қоса жолданды. |
Балабақша ғимараты ыңғайластырылған. Балабақша 150 орындық, 7 топ жұмыс жасайды. Әр топ жас ерекшеліктеріне қарай топтастырылған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс істейді, сағат 8.00-бастап 18.30 сағатқа дейін. Жеті топ жұмыс жасайды. «Балапан» кіші тобы, «Солнышко» ортаңғы тобы, «Қарлығаш» ортаңғы тобы, «Ботақан» ортаңғы тобы, «Радость» ересек тобы, «Құлыншақ» мектеп алды, «Ромашка» мектеп алды тобы. 2018 жылы 21 қыркүйек № Н.05.Х.KZ16VBS00120514 санитарлық эпидемиологиялық қортындысы берілді. Тәрбиеленушілер мемлекеттік және ресми тілде тәрбиеленуде. Балабақшада қабылдау бөлмесі, оқу-тәрбие, ойын бөлмесі, жатын, ыдыс жуатын, асхана, әкімшілік бөлмесі,медицина бөлмесі, кір жуу бөлмесі, мен қойма бар. Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі пеш арқылы газбен жылытылады. Су, электр жүйесі орталықтандырылған. Балабақша өрт-дабыл түймешесінің автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған.
Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте қабылдау бөлмесі, емшара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал — сайман жабдықтармен жабдықталған.
Балабақша ауласы көгалдандырылған. Ауладағы ойын алаңы және топтарға арналған жазғы шатырлар өз дәрежесінде жабдықталған. Жеке топтарға арналған ойын алаңдары, балалар ойнайтын құралдар көлеңкелі қоршау орындығымен гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған спорт алаңы бар.
Балабақшаның арнайы бөлмелері:
— Меңгеруші бөлмесі;
— Әдістемелік бөлмесі;
— Теледидар –7 дана;
— Ноутбук – 4 дана;
— Принтер-4 дана.
— Түрлі-түсті принтер – 3 дана
Ата-аналар үшін топта «Денсаулық бұрышы», «Қауіпсіздік ережелері» жылжымалы папкалар безендірілген. Әр топта «Денсаулық», «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде «Ұлттық бұрыш», «Ойыншықтар сөресі», «Кітап бұрышы», «Табиғат бұрышы», білім салалары бойынша дамытушы орталықтар жасақталған.